Дұға қабыл болатын мезгілдер, мекендер, жағдайлар
ДҰҒА ҚАБЫЛ БОЛАТЫН МЕЗГІЛДЕР, МЕКЕНДЕР, ЖАҒДАЙЛАР Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттарды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек. Бұл уақыттарда жасалған дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі де жоғары. Әрбір мұсылман бұл уақыттарға ерекше көңіл бөлуі қажет. 1. ПАРЫЗ НАМАЗДАН КЕЙІН «Бірде адамдардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі! Қай дұға тез қабыл болады?» – деп сұрағанда, Ол (оған...