Күндізгі ұйқының қаупі анықталды
Күндізгі ұйқының қаупі анықталды

Америкалық ғалым, Калифорния университетінің профессоры Мэттью Уолкер күндізгі ұйқы адам денсаулығына кері әсер етеді деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы маман Business Insiderжурналына айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап. 

Маман күндізгі ұйқы адам миы мен ағзасына жақсы әсер ететінін растады. Бірақ ғалымның айтуынша, адам күндіз ұйықтаймын деп ұйқышылдыққа бой алдыруы мүмкін. Күндіз 40-50 минуттан астам уақыт қалғып алған адамның ұйқысы бұзылып, түнде тез ұйықтауы қиындайды және ұйқысы мүлдем қанбауы мүмкін. Бұдан басқа, Уолкер түнде қанбаған ұйқыны күндіз ұйықтап қандыра алмайсың деді.

«Ұйқы банк емес қой. Банк секілді қарызды алып, кейін оны қайтарамын дегенмен сәйкес келмейді. Сондықтан ұйқы кезінде «барлығы немесе ештеңе жоқ» деген принцип жүреді. Ұйқыны бір апта бойы қысқартып жүріп, кейін демалыс күні қандырып аламын деген болмайды», — деді ғалым.

Аскар ИскаковАскар Искаков
6 жыл бұрын 3371
0 пікір
Блог туралы