Балық өнімдерінің тағы бір пайдасы белгілі болды
Балық өнімдерінің тағы бір пайдасы белгілі болды

Пенсильвания ғалымдары аптасына кем дегенде бір рет балық қосылған тағамды тұтыну жақсы ұйқы мен интеллектуалды қабілетті арттыруға көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы мақала Scientific Reports журналында жарияланды, деп жазады MedicalXpress.

Зерттеуге 9-11 жас аралығындағы 541 бала қатысқан. Олар өткен айда балық қосылған тағамдарды қанша тұтынғандары туралы сауалнамаға жауап берген. Сондай-ақ жасөспірімдер «балаларға арналған Векслердің интеллект шкаласын» анықтайтын IQ тестке қатысып, вербальды және вербальды емес дағдыларын анықтаған.

Ал ұйқы сапасы ата-аналардың жауабының негізінде бағаланған. Мамандар ата-аналардың білім деңгейін, олардың отбасылық жағдайын, кәсібі мен отбасындағы ұл-қызының санын ескерген.

Нәтижесінде, апта сайын құрамына балық өнімдері қосылған тағамды тұтынған балалар басқаларға қарағанда 4,8 балл жоғары жинаған. Олардың ұйқылары да тыныш болған.

Балықтың құрамында жүрек қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектесетін қанықпаған қышқыл омега-3 болатыны белгілі.

Бұл заттар балалардың дұрыс жетілуі үшін яғни, ми, көз және жүйке қызметінің жақсаруы үшін аса маңызды.

Аскар ИскаковАскар Искаков
6 жыл бұрын 3828
0 пікір
Блог туралы