Қытайда өте жылдам жүретін “аспан пойызы” сынақтан өткізілді (фото, видео)
Қытайда өте жылдам жүретін “аспан пойызы” сынақтан өткізілді (фото, видео)

Қытайдың Циндао қаласында “Аспан пойызы” деген атауға ие болған ең жылдам әуе пойызы сынақтан өткізіле бастады.

Бұл туралы CGTN телеарнасы хабарлайды.

Алдағы уақытта CRRC Qingdao Sifang қытайлық компаниясы ұйымдастырып отырған жаңа пойыз үлкен қалалар мен таулы аймақтарда ерекше танымалдылыққа ие болады деп күтілуде.

20247671_1878224948931722_1663106553738493272_o

Инженерлердің сөзінше, кішкентай рельсті жолда тұрақты магниттермен жабдықталған элекроқозғалтқыштардың жаңа технологиясы қолданылады. Олар өзге транспорт түрлеріне қарағанда ерекше артықшылық сыйламақ: қуаттылығы жоғары, шағын физикалық көлем, шудың төмен деңгейі және жеңіл салмақ.

20233025_1878224952265055_3270070097370273534_o

Пойыз кіші рельспен жерден 5-10 метр биіктікте жүреді. Оның құрамы 5 вагоннан тұрады және 510 жолаушы сыйғыза алады. Орташа жылдамдығы сағатына 70 шақырым. 

Аскар ИскаковАскар Искаков
7 лет назад 3764
0 комментариев
О блоге