Әмр ибн Қайис бір сөзінде: «Алланың кітабындағы мына үш аятты оқып, Алладан өзгеге мұқтаж болудан қайттым.
Оның біріншісі: - «Алла егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны Өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір игілік тигізсе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші» («Әнғам» сүресі, 17-аят). Осы аятты оқып, Алла маған зиян келтіргісі келсе, ешкім мені одан құтқара алмасына, ал енді бір игілік беруді қаласа, ешкім менен оны тартып ала алмасына көзім жетті. -⠀
«Енді Мені еске алыңдар! Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкірлік қылыңдар да қарсы болмаңдар!» («Бақара сүресі, 152-аят). Осы аятты оқып, мен басқасын тастап, тек Раббымды еске ала бастадым. -⠀
«Жер бетіндегі әр жәндіктің қорегі - Аллаға ғана тән. Ол олардың тұрақты, тұрақсыз орындарын біледі. Барлығы ашық бір Кітапта» («Худ» сүресі, 6-аят) Бұл аяттан соң менің ризығым өзімнен басқа ешкімге бұйырмайтынына көзім жетті де, Аллаға бұрынғыдан да сеніп, тәуекел ете бастадым», - деген екен.
oinet.kz