Жасанды ұрықтандырудан туған сәбилердің өздері балалы бола ала ма?
Жасанды ұрықтандырудан туған сәбилердің өздері балалы бола ала ма?

Қазақстандағы жасанды ұрықтандырудың авторы, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова экстракорпоралды ұрықтандырудан туатын балалардың денсаулығына туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген адам бала көтере алады. Енді, былай қарасаң, жасанды ұрықтандыруды жасайтын еркек пен әйел дені сау адамнан туған жоқ па? Негізі, жасанды ұрықтандыруды бір рет жасаса, нәтиже болмауы да мүмкін. Барлығы адамның денсаулығына байланысты. Біреудің мүмкіндігі 100 пайыз болады. Енді біреулерде 10-ақ пайыз. Орташа есеппен жасанды ұрықтандырудың 30-40 пайызы сәтті шығады», – деді С.Байқошқарова журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, жасанды ұрықтандыруда баланың жынысын бірден анықтауға болады. «Ол үшін генетикалық диагностика жасалады. Сол кезде эмбрионның ұл, не қыз екенін білуге болады. Бірақ генетик деген өте күрделі мамандық. Дүниежүзінде ең дамыған мемлекеттердің өздері генетикалық сараптамаға жүз пайыз кепілдік бере алмайды. Өткенде Израильдің бір профессоры Лина Базер келді. Ол Тель-Авивтің үлкен генетикалық орталығында істейді. Сол айтады, біз қаншама зерттеп, керемет болып жатсақ та, барлық сұрақтарға жауап бере алмаймыз. Өйткені ғылым үшін беймәлім жағдайлар көп», – деп атап көрсетті С.Байқошқарова.

Аскар ИскаковАскар Искаков
7 лет назад 3058
0 комментариев
О блоге