Ғалымдар қартаюды тежеудің жолын ойлап тапты
Ғалымдар қартаюды тежеудің жолын ойлап тапты

Жасушалардағы анеуплоидия хромосомаларының дамуын тоқтату арқылы қартаюдың алдын алуға болады. Португалия университетінің ғалымдары осылай деп мәлімдеді. Ал зерттеу жұмысы BioRxiv.org сайтында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап. 

Ғалымдар кеміргіштердегі митоз (жасушалардың тікелей бөлінбеу процесі) үшін жауап беретін механизмнің жұмысын бұзды. Митоздың бұзылуы өз кезегінде прогерияға (адамның тез қартаюы) алып келді.

Осыдан кейін ғалымдар орта жастағы адамдарда, қариялар мен жаңа туған сәбилерде бөлінетін фибробласт жасушаларына анализ жүргізді. Нәтижесінде адамның жасы ұлғайған сайын ағзадағы Forkhead box M1 ақуызының бүлінетіні белгілі болды. Бұл ақуыз жасушалардың бөлінуіне жауап беретін гендердің белсенділігін реттеп отырады.

Осы ақуызды жасанды жолмен көбейту, хромосомалар санын азайту және қартаю маркерлерін төмендету арқылы адамдардың белгілі бір деңгейде жасаратыны анықталды. Ғалымдардың айтуынша, олардың зерттеу жұмысының нәтижесі Forkhead box M арқылы қартаюмен күресу әдістерін ойлап табуға көмектеседі.

Аскар ИскаковАскар Искаков
7 лет назад 2566
0 комментариев
О блоге