Етпетінен жатып ұйықтау қауіпті болып шықты. Дәрігердің пікірі
Етпетінен жатып ұйықтау қауіпті болып шықты. Дәрігердің пікірі

Американың Майо клиникасының сомнолог сарапшылары етпетінен жатып ұйықтау денсаулыққа зиянын тигізетінін анықтады, - деп хабарлайды Bustle. Ғалымдардың айтуынша, бұлай жататын болсаңыз арқаңыз ауырып, мойныңызға қысым түсіп, аяқ-қолдарыңыз шаншып ауырады. Әсіресе жүкті әйелдерге бұлай жату кеңес етілмейді, себебі мұндай жағдайда қан айналымы қиындайды екен.   Омыртқаға түсетін қысымды азайту үшін сарапшылар ішіңізге қосымша жастық қоюды ұсынады, сосын қаттырақ массаж болуы керек екен. Сонымен қатар, ғалымдар бас пен мойын еркін қозғала алатындай ыңғайлы позада ұйықтау керек дейді.  Өз кезегінде ресейлік физиотерапевт дәрігері Семен Гальперин америкалық ғалымдардың зерттеуін ойдан шығарылған деп атады. "Әртүрлі позада жатқанымызда ішкі органдарға түршіле қысым түседі дегенге келер болсақ... Бұл күмәнділеу, себебі біздің денеміз түрлі жағдайларға икемделген", - деп келтіреді дәрігердің сөзін РЕН ТВ. Сондай-ақ, ол ұйқы алдында "ыңғайлы" позада жату керек деген кеңесін сынады. "Ұйқы алдында қандай да бір позада жатуға ыңғайлану мүмкін емес", - деп мәлімдеді Гальперин. Осылайша дәрігер мұндай зерттеулердің анық-қанығын анықтап барып қана сену керек деген тұжырым жасады.

Аскар ИскаковАскар Искаков
6 лет назад 3124
0 комментариев
О блоге