Әлемдегі ең нашар мамандықтың қандай екенін білесіз бе?
Әлемдегі ең нашар мамандықтың қандай екенін білесіз бе?

Сіз өзіңіздің істеп жүрген жұмысыңызды нашар, әрі басшылық аз ақша төлейді деп есептейсіз бе? Олай болса, біз ұсынған мамандықтар топтамасы сіздің ол пікіріңізді толығымен өзгертуі мүмкін. 

AdMe.ru ең нашар 12 мамандықтың тізімін жасады.

Нью-Йорк көшелері үшін шығарылатын «люктер» өндірісі

Үндістер Нью-Йорк көшелері үшін 2750 жуық канализация қақпақтарын құяды. Қауіпсіздік ретінде «тіпті» кейбір қызметкерлерге қорғайтын көзілдірік береді екен.

Балқытылған металдың температурасы 1200-1400 °C құрайды. Қыздырылған металдан шашырайтын тамшылардан қорғайтын форма кимегендіктен ең қиын жұмыстардың бірі болып есептеледі.

Бальзамдаушы

Бальзамдау – мәйіттің денесі не мүшелері бұзылмас үшін адам өлгеннен кейін қолданылатын әдіс. Бальзамдаушы денені сүртіп, сұйықтық құйып, ішкі органдардағы артық заттардан тазалайды. Сондай-ақ тіндердің ыдырауын баяулататын химиялық заттар да қолданылады. Бұл жұмыс күнде мәйіттерді көру қорқынышынан бұрын адамның денсаулығы үшін қауіпті.

Күкірт өндіру. Индонезия, Кава Иджен жанартауы

Кава Иджен жанартауы Ява аралында орналасқан. Оның биіктігі 2600 м. Жанартаудың өзегінде күкірт және тұз қышқылынан құралған көк-жасыл түсті көл бар.

Жұмысшылар, жергілікті тұрғындар ешқандай қорғаныс киімінсіз, газқағарсыз күкірт кесектерін күні-түні жалаңаш қолдарымен өндіреді. Күндізгі табыстары адам басына шаққанда 5 доллардан.

Канализация тазалаушы. Үндістан

Үндістандық канализация тазалаушыларының жұмысын қызғанбауыңыз анық. Себебі олардың жұмыс күні 12 сағатқа созылады және 12 сағат бойы қалдықтармен толтырылған люкте отыруға тура келеді. Жұмысшылар қалдықтарды канализацияның түбінен металл қырғыш, тіс ағаш не өздерінің жалаңаш қолдарымен тазалайды.

Тазалаушыларда қорғаныс костюмі жоқ, көбіне тек іш киіммен ғана жұмыс істейді. Бұл адам төзгісіз қызметтері үшін олар күніне тек 5 доллар ғана алады.

Ауғаныстандағы кірпіш зауытындағы балалар еңбегі

Кабулдағы кірпіш зауыттары – тұрақты табыс көзінің бірі. Кірпіш өндірісі қолмен, ескі технология бойынша өндіріледі. Өкінішке орай, мұндай өндіріс орындары көбінесе таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін балалар күшін пайдаланады.

Жұмысшы айына 200–300 доллар алады.

Иіс сарапшылары

Бұл маман иелері дезодоранттар мен антиперспиранттар шығаратын компанияда жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің негізгі міндеттері – тәжірибелік өнімді тесттік топтың қолтығына жағып, сосын тәулік ішінде иісінің қалай өзгеруін иіскеп отыру.

Сьерра-Леонда алмаз өндіру

Алмаздарды өндіру – бұл ең лас бизнес. Қазір мемлекетте орташа есеппен жиналғандар алмаздар саны — 320 млн €, бірақ ол сумманың аз бөлігі ғана өндірушілерде қалады.

Эфиопиядағы тұз өндірісі

Эфиопиядағы Данакиль даласында тұратын халық экстремальді ыстық пен құрғақ ауа райына төзімділіктерімен танымал. Олардың дәстүрлі кәсіптері – тұз өндіру.

Шөл даладағы ауа райы көрсеткіші 50 °C дейін көтеріледі.

Тезек инспекторы

Тезек инспекторы күн сайын тезек жинап, бактерияларды іздейді. Мұнымен айналысатын адамдар дайындықтан өткен және олардың табысы да жаман емес. Бұл лас, сасық жұмыс, дегенмен оны да біреу атқаруы керек.

Қылмыс орнын тазалаушы

Қабырға, еден мен төсектердегі қанды тазалап, тіпті кейде мәйітті де тазалауға тура келеді. Жұмыстарының ең қиын бөлігі – ол иіс. Өлген адамдардың мәйітін үнемі бірден таппағандықтан, кейде қатты иістеніп кетеді. Осындай кезде тіпті респиратор да көмектеспейді. Кейде айлап жатқан мәйіттерді кеміргіштер мен жәндіктер басып кетеді.

Жануарлар өлексесін жинаушы

Москиттерді (бәкене шыбын) зерттеуші

Безгек ауруымен күресуші ғалымдар масалардың асқынған ауруды не себепті тарататындарын зерттеулері керек. Зерттеу үшін бразилиялық ғалымдар өздерін жәндіктерге жем ретінде ұсынады. 

Дайындаған Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА 

Аскар ИскаковАскар Искаков
7 лет назад 7531
0 комментариев
О блоге