29 күнге арналған «ҚАН ТАЗАРТУ» дұғасы
29 күнге арналған «ҚАН ТАЗАРТУ» дұғасы

Бір жеріміз ауыра қалса «Дәрігерге тексерілу керек» дейміз. Ал, дәрігер дертті қалай анықтайды? Қанға сараптама жасау арқылы. Демек, бүкіл ағзаның күйін анықтап беретін қан арқылы барлық ауруды емдеуге болады! Қаныңыз тазарса – кеселіңіздің бәрі де жойылады.

Осы логиканы құрбыларыма, бауырларыма айтып түсіндіре алмадым. Сіз де түсінбей отырған шығарсыз, оқырман?! Мейлі, онда 29 күнге арналған «ҚАН ТАЗАРТУ» оқуын оқыңызшы. Содан соң, менің логикамды түсінесіз.

Бүкіл әлем ғалымдары болып түсіндіріп бере алмай отырған жайттар қаншама? «Хуруф-ул Мұқатта-а» да, міне, Құраннан ашылған сондай ілім, тіршілігіміздің сан-саласын қамтитын рухани-саналық ілім. Ол – емшіліктің барлық түрінен де жоғары тұрған таза оқу. «Хуруф-ул Мұқатта-а» қан тазарту оқуы Құрандағы жиырма тоғыз сүреден алынған. Бұл оқуды жүйеге келтірген 20 жылдан астам уақытын Құранды зертетуге арнаған ақтөбелік шипагер, ғалым Ордабай Сандыбайұлы. Оның «Жаңа ғасырдың ілімі» атты кітабы ойда-жоқта қолыма тиді. Кітапта былай делінген: «Бұл оқу ең алдымен ДНК мен РНК-ны қуаттандыратындықтан, ағзаның әу бастағы Алладан берілген сауығу және қорғаныс бағдарламасы қалыпқа келіп, иммунитет күшейеді. Сондай-ақ, ол хромосоманың бізге белгісіз заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді. Ал, қазіргі қолданылып жүрген химиялық дәрілер керісінше хромосоманы талқан етіп, клеткалардың табиғи қызметін бұзады.

Бүгінде Ұлы Жаратушыға деген сенім мен дұғаның сырқаттың тез сауығуына септігі зор екенін, ол ауру адамның рухын көтеріп, қуат-күшін арттыратынын шетелдік дәрігерлер де мойындауда. Америка мен 11 Ұлыбританияда мамандар арнайы бақылау жүргізіп, туған-туыстары ұдайы дұға еткен сырқат адамдардың жағдайы жеңілдеп, өзгелерге қарағанда аурудан тезірек айығатындарын, ал, бір топ дәрігер жүректеріне операция жасалғандарға бақылау жүргізу арқылы дұғаның сырқатты сауықтырудағы ғаламат күшін дәлелдеген.

Алғашқы үлкен сынақтан Санкт-Петербургте онкология, радиология орталықтары мен хоспистерде өткен «Хуруф-ул Мұқатта-а» ілімі рухани медицина болып табылады. Өйткені бұл ресми медицина секілді рух-жан-тән бірлестігінен тәнді жеке бөліп алмайды. Медицина атасы Гипократтың өзі: «Қандай аурумен сырқаттансаң да жан-дүниеңді, рухыңды дұрыс ұстап, тамақтан қалмасаң – жақсылықтың белгісі», - дегеніндей, оқу осы үшеуін бірдей тазартып, сауықтырады.

Шипа негізінен энергиялық тұрғыдан әсер етуге негізделген. Мысалы, Ресейдегі Симфереполь политехника институтының электродинамика зертханасының меңгерушісі В.Альтухов тәжірибелер жасау арқылы Құраннан да және оны оқыған, дұға еткен адамдардан да нұр, яғни энергия шығатынын анықтаған. Міне, Алланың осы нұры (энергия) адамның бүкіл бойына толқын-толқын болып тарап, ағзадағы барлық биологиялық үрдістерді тездетіп, ондағы жылдап жиналған ластықтар мен ауру зардаптарын біртіндеп ығыстырып, медициналық дәрі-дәрмектер сияқты бетін бүркеп жаба салмай түбірімен қозғап шығарады».

Бұл саналық оқу жүйесі барлық ауруға шипа. Тіпті, қатерлі ісік дерттерін де емдей алады. «Хуруф-ул Мұқатта-а» оқуының кереметін сөзбен жазып жеткізе алмаймын. Не бәрі 29-ақ күніңізді арнаңызшы құдіретіне өзіңіз куә боласыз. Күнде шамамен 10 минутыңызды ғана жұмсайсыз.

Сонымен, бұл қалай оқылады?

Сол қол білезігінің іш жағындағы «ақ нүктені» оң қолдың бас бармағымен басып дауыстап былай оқисыз:

Бисмилләһир-рахманир-рахиим.

1. Әлиф-Ләәәәм-Миииим.

2. Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Саааад.

3. Әлиф-Ләәәәм-Ра.

4. Әлиф-Ләәәәм-Миииим-Ра.

5. Кәәәәф-Һә-Йә-Ғаййййн-Саааад.

6. То-Һә.

7. То-Сиииин-Миииим.

8. То-Сиииин.

9. Йә-Сиииин.

10. Саааад.

11. Ха-Миииим.

12. Ха-Миииим.Ғаййййн-Сиииин-Қааааф.

13. Қааааф.

14. Нуууун.

Енді оң қолдағы «ақ нүктені» сол қолдың бас бармағымен басып, осы «Хуруф-ул Мұқатта-а» 14 нұрлы әріптерін дауыстап оқып шығасыз. Осылай екі қолға да оқылып болған соң, екі қол саусақтарының ұштарын түйістіріп 14 әріпті тағы бір рет қайталайсыз.

Міне, осы ғана. Түк қиындығы жоқ. Күнде таңертең немесе кешке (дәрет алып, тазаланып) оқу керек. Күніне екі мезгіл оқысаңыз да болады. Арасын үзбей 29 күн қайталасаңыз, қан құрамының тазарып, жаңарып жатқанын өзіңіз-ақ байқайтын боласыз. Жалпы, ауруыңыздан толық айыққанша бірнеше ай оқуға да болады. Шипа болсын!

Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ

Аскар ИскаковАскар Искаков
6 лет назад 12167
0 комментариев
О блоге