Вирусты гепатит несімен қауіпті? Елімізде қанша адам осы дертке шалдыққан?
Вирусты гепатит несімен қауіпті? Елімізде қанша адам осы дертке шалдыққан?

Вирусты гепатиттер алғашқы кезде білінбейді. Ал науқас өзін сау адам ретінде сезінеді. Алайда вирус адамның ішкі ағзаларына зиянын тигізеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «International HepatoTransplant Group» қауымдастығының президенті, гепатолог Күлпәш Қалиасқарова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

«Өкінішке қарай, вирустік гепатиттер алғашқы кезде білінбейді. Сонысымен де қауіпті. Вирус адам организміне кіреді. Бірақ, ол білінбейді. Азамат өзін сау адам ретінде сезінеді. Ол өзін ауру адамдардың қатарына да қоспайды. Алайда вирус адам ішкі ағзаларға зиянын тигізе береді. Бауыр – ресустық ағза. (Ауру салдарынан – автор) адам бауырының 80%-ы жұмыс істемеуі мүмкін. Алайда қалған 20%-бен бауыр 100% сияқты жұмыс істей береді. Анализдер нәтижесі де дұрыс болуы мүмкін. Сонысымен де қауіпті - «үнсіз» инфекция», - деді дәрігер.

Сонымен қатар гепатолог вирусты гепатиттің алғашқы белгілеріне тоқталды.

«Аурудың әлсіздік, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, бауыр аумағында қолайсыздықтардың сезілуі сынды белгілері болуы мүмкін. Сондай-ақ, «бүйректен тыс белгілер» болады. Мысалы, бүйрегі ауыратын көптеген азамат ашығын айтқанда вирусты гепатитпен ауырады. Ол азаматтардың бүйрегіне вирустар зақым келтірген. Егер біз азаматтарды С гепатитінен емдесек, бүйрек те қалпына келеді», - деді ол.

Осы орайда Күлпәш Қалиасқарова С және В гепатиттерін анықтаудың негізгі жолын атады.

«Гепатиттің алдын алудың негізгі жолы – скрининг. Біз тексерістен өтіп тұруымыз қажет. Тіпті, өзіңізді сау адаммын деп есептесеңіз де бұл вирус (организмде – автор) болуы мүмкін. Қазіргі таңда азаматтардың ауруханаға баруға уақыты жоқ. Алайда 2-3 жылда бір рет қан анализін тапсырып тұру керек», - деді дәрігер.

Сөз соңында тәжірибелі гепатолог елімізде қанша азаматтың В және С гепатиттерін жұқтырғанын айтып берді.

«Вирусты В және С гепатитіне шалдыққан азаматтар тіркелген ұлттық регистрдегі мәліметтер бойынша Қазақстанда 42 мыңнан астам адам осы аурумен ауырады. Вирусты В және С гепатиттері – әлеуметтік ауру. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетіледі. 2011 жылдан бері Қазақстанда 6 мыңнан астам азамат вирусты В және С гепатит ауруынан емделген», - деп түйіндеді сөзін Күлпәш Қалиасқарова. 

 Дәурен ЕРБОЛАТ
Аскар ИскаковАскар Искаков
7 жыл бұрын 5047
0 пікір
Блог туралы