Ұйқының қанбауы, яғни 6 сағат немесе одан да аз уақыт ұйықтау ағзадағы зат алмасуды нашарлатып, артық салмақ қосуға алып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі menslife.com-ге сілтеме жасап.
Британ ғалымдары ұйқыға бөлінген уақыт салмақ қосуға әсер ететінін анықтаған. Сондай-ақ олар артық салмақ қоспау үшін қанша уақыт ұйықтау қажет екенін зерттеді.
Ғалымдар әртүрлі биологиялық ырғағы бар 1600 адамның арасында сауалнама жүргізген. Олардың қан қысымын өлшеп, қан құрамындағы қант деңгейі мен холестериннің мөлшерін анықтады.
Зерттеу нәтижесінде ұйқының ұдайы қанбауы зат алмасуды нашарлатып, белдің жуандауына апаратыны анықталған.
Сондай-ақ нормадан аз ұйықтайтын адамдарда пайдалы холестериннің (жоғары тығыздықтағы альфа-холестерин) мөлшері төмен болып шыққан. Мұндай жағдайда ағзадағы майдан арылу қиындайды. Сонымен қатар денсаулыққа қауіп келтіретін жүрек пен қан тамырлары ауруының дамуына да алып келуі мүмкін. Сондықтан ағзаның дұрыс жұмыс істеуі және кейбір аурулардың алдын алу үшін 6 сағаттан кем ұйықтамау керек дейді ғалымдар.