Құрманы аш қарынға жегендер мынаны білсін!
Құрманы аш қарынға жегендер мынаны білсін!

Құрма – шығармашылықпен айналысатын, мимен жұмыс істейтін адамдар үшін, жүйке жүйесіне шағымы барлар үшін, бастың жақсы жұмыс істеуі үшін де дәрігерлер тарапынан ұсынылатын аса пайдалы жеміс.

–       Құрманы аш қарында жеу паразиттерді жояды.

–       100 г құрма 281-ден 318 калорияға дейін құнарлы. 100 г құрманың құрамында 20 мг фосфор бар. Фосфорға бай болуы себепті құрма жүйке жасушаларын нәрлендіріп, еңсені көтереді. Қатты шаршаған адамның өзіне құрманы жегенінен соң жарты сағат ішінде күш-қуаты оралады, сергектік пайда болады.

–       Құрма глюкоза мен фруктозаға бай. Тәбетті шақырады.

–       Диетолог мамандары дәмді де пайдалы бұл жемісті жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шеккен балаларға жегізуге кеңес береді.

–       Құрма қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді.

–       Құрма ішек қызметін қалыпқа келтіреді. (Іштің қатуы кезінде өте пайдалы)

–       Құрма көз ылғалдылығының сақталуына көмектесіп, түнде көргіштігін жақсартады..


Күніне 3 құрма жесеңіз не болатынын білесіз бе?

Бірқатар халықтар үшін құрма қасиетті тағам болып саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады. Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді.

Құрма несімен пайдалы?

  • Қалыпты жүрек жұмысы

Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ ыдыстарды тазалауға көмектеседі. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады.

  • Сау бауыр

Құрмалар бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симптомдарын жеңілдетеді.

  • Көру қабілеті жақсарады

Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі құрамында А дәруменінің мөлшері көп.

  • Сергектік

Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз.

  • Ас қорыту

Құрма — бұл асқазан функциясы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары, тіпті асқазан обасының (рак) профилактикасы үшін пайдалану қажет.

  • Афродизиак

Араб әйелдері көп ғасырлар бойы афродизиак ретінде құрманы қолданады. Жемісін ұнтақтап, ерлердің кофесіне қосады. Бұл өнімнің құрамында құмарлықты, жыныстық қабілетті арттыратын түрлі амин қышқылдары бар.

  • Шаш пен терінің әдемілігі

Шаш сынғыш болса, тері құрғаса, әжім ерте пайда болса құрма жеу қажет. Оны косметикалық маскалар құрамына қосуға болады.

Ihsan.kz

Аскар ИскаковАскар Искаков
7 жыл бұрын 13594
0 пікір
Блог туралы