Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, қатерлі ісікке шалдықтыратын азық-түлікті анықтады. Олардың зерттеу жұмысының қорытындысы Nature журналында жарияланды.
Құрамында аспарагин амин қышқылы көп азық-түлік сүт безінің агрессивті қатерлі ісігін ушықтырады.
Тәжірибе қатерлі ісіктің ең қауіпті түрімен ауыратын тышқандарға жасалған. Ғалымдар олардың тамағына аспарагин амин қышқылына бай азық-түлік қосады. Осыдан кейін обыр жасушалары жылдам өсе бастайды. Ал тышқандарды аспарагины аз диетаға көшіріп, дәрі-дәрмек берген кезде олардың жағдайы жақсарған.
Аспарагин сүт өнімдері, қара мал еті, құс еті, балық пен теңіз өнімдерінде көп болады.
Сондай-ақ картоп, соя, бұршақ тұқымдастар, жаңғақ және тұқымда бар. Ал жеміс-көкөністе керісінше амин қышқылы аз, сондықтан бұл азық-түлік ең пайдалы болып табылады.