Tарихи фактілерге сүйенсек 20-21 ғасыр аралығында қажылыққа келіп өлім құшқандар саны ресми деректер бойынша 7974 астам адам ( жарақат алғандар өте көп және оларды санаққа қоспағанда)
Қысылу және тапталу.
Шайтанға тас лақтыру (Қажылықтың екінші уәжібі)
Қажылардың құрбан айт күндерінде Минада бір - біріне жақын ара қашықтықта орналасқан тіктеулі тұрған үш шайтантасқа кішкене тастарды лақтыру қажылықтың уәжіптерінің біреуі.
Бұл тіктеулі тастар : Кішкентай шайтан(жәміра),орта тас( жәміра) және Үлкен шайтан( Ақаба шайтан) болып бөлінеді
Осы үш шайтанды таспен атқылау кезінде қажылардың қысылу ,тапталу жағдайлары көп кездесіп тұрады.Себебі адамдардың көптігі ,жердің тарлығы ( 1м2 жерге 6-7 адамнан келеді).Осы жағдайлар адамдардың тек көпшілікке ( тобыр) бағынып өздіктерімен шыға алмай,дем жетпей,қысылып ,тапталу жағдайларына әкеліп соқтырады.
Енді осы қайғылы жағдайларға көз жүгіртейік.
2 шілде 1990 жылы Меккеден Мина атырабы аралығын жалғанған жаяу жүргіншілер үңгір жолында тапталудан 1426 қажы өлім құшты
( Көбісі пакистандық, индонезия,малайлықтар)
23 мамыр 1994 жылы
шайтанға тас ату кезінде 270 астам қажылыққа келгендер адамдар тапталып о дүниелік болды.
9 сәуір 1998 жылы
Джамрат көпірінде қысылып, тапталудан 118 адам бақилық болды,180 адам жарақат алған.
5 наурыз 2001 жылы шайтанды тас лақтыру кезінде тапталудан 35 адам көз жұмды.
11 ақпан 2003 жылы 14 қажылық келгендер жоғарыдағы жағдайдағыдай тапталудан ажал құшты.
1 ақпан 2004 жылы Мина атырабында шайтанға тас ату кезінде 251 адам тапалып "алласына" көрісіп, 244 астам адам жарақат алған.
12 ақпан 2006 жылы Мина атырабында қажылықтың соңғы күні шайтанға тас ату кезінде халықтың бір мезетте өте көп болуынан (2 миллионнан астам) ,осы кезде 346 адам қысылып,тапталып өліп,289 адам жарақат алған.
24 қыркүйек 2015 жылы Меккеде мыңдаған қажылыққа келген арасында қысылу ,тапалу болған.
Сауд Арабиясы билігі және басқада БАҚ әртүрлі хабарлар таратты .Хабар бойынша 2400 астам адам о дүниеге аттанған.
Өрт.
1975 жылы желтоқсан айында палаткадағы газ баллон жарылысынан кейінгі өрттен 200 қажылыққа келгендер көз жұмды.
15 сәуір 1997 жылы палаткадағы өрттің салдарынан 343 адам ажал құшып, 1500 адам әр түрлі дене жарақаттарын алды.
Осы жағдайдан кейін палаткаларды өртке төзімді материалдардан жасауға көшті.
1 қараша 2011 жылы ерлі зайыптылар көлік ішінде өрттен ажал құшты.
Бұзақылық және ланкестік.
31 шілде 1987 жылы Ирандық қажылыққа келгендер демонстрация ұйымдастырып Сауд Арабия күштік құрылымдарымен текетірес кезінде 400 астам адам өліп,мыңдаған адам жарақат алды.
9 шілде 1989 жылы арнайы қойылған екі бомба жарылып бір адам ажал құшып, 16 қажылық атқарғандар жарақат алды.
Осы ланкестік әрекет үшін 16 кувейттік шиит жазалады.
Меккедегі ланкестік әрекет.
20 қараша 1979 жылы
Сауд Арабиясының жүзден астам қаруланған діни сектаның мүшелері Меккедегі Масжид аль Харам үлкен мешіттегі қажылыққа келгендерді тұтқынға алды.Тұтқындарды босату операциясы екі аптадан кейін жүргізілді. Операция кезінде 255 адам бақилық болды ,оның ішінде 117 ланкестік топ мүшелері еді.
Ұшақ апаттары.
22 қаңтар 1973 жылы Нигерия Коно қаласына қону кезінде 170 жолаушы опат болды.Жолаушылар барлығы Меккеден қажылықтан елге оралып келе жатқандар.
4 желтоқсан 1974 жылы (Douglas DS -8)
Martinair авиакомпания сының ұшағы Коломба,Шри Ланка маңына құлап 191 адам о дүниеге аттанды, 9 экипаж мүшелерінен басқалары қажылыққа аттанған жолаушылар.
15 қараша 1978 жылы Исландиялық авиакомпаниясының ұшағы осы маңда апатқа ұшырады.Жолаушылар қажылықтан елге қайтқан индонезиялықтар.
26 қараша 1979 ( Boeing 707 ) Pakistan International Airlines авиакомпаниясының ұшағы Джидды қаласынан көтерілген кейін өртеніп Эт- Таифа елді мекеннің айналасына құлап түсті.156 қажылықтан аттанған жолаушы алласына көрісті.
19 тамыз 1980 жылы Эр Рияда қаласын ұшқан ұшақтың жүк бөлігінен өрт шығып, апатты қонғанмен өрттен 287 жолаушы,14 экипаж мүшесі ажал құшты.
11 шілде 1991 жылы (Douglas DC-8) Negeria Airways авиакомпаниясының Джидда( Сауд Арабиясы) - Сокото ( Нигерия) чартерлік рейсінде әуеде өрт шығып, соңыра апатқа ұшырады, 247 қажы жолаушы мен бірге 14 экипаж мүшесі өлді.
Аурулар,Індеттер
Көбіне қажылыққа денсаулығы нашар егде тартқан адамдар, медицинасы нашар дамыған елдерден азаматтар келеді. Сондықтан Сауд Арабиясы мемлекетті қажылыққа келу үшін визаға екпелерді енгізуді талап етуде.Бұл арада менингит, сары безгек,полиомиалит,тымау т.б
1831 жылы Меккеде қажылық кезінде холера эпидемиясын Оңтүстік азиядан қажылыққа келгендер таратып, мыңдаған адамдар ауру жұқтырып дүние салды.Сол жылдар кейіінгі жылдарда эпидемия байланысты қажылық тоқтатылады.
Бұдан кейін де Меккеде бұл ауру белең алып 15000 астам мұсылман аурудан көз жұмды.Тек 1850 жылы ауруды тоқтатты.
1831 - 1912 жыл аралығында Мекке қажылығына холера эпидемиясы 27 рет кері әсерін тигізді.
Таяу шығыс респираторлы синдромы.
Ближневосточный респираторный синдром
( МЕРС)
2013 жылы Сауд мемлекетті осы ауруға байланысты егде тартқан адамдарға және созылмалы ауру ауыратындарды қажылықтан бас тартуға үндеу жасады.
2020 жылы Ковид -19 пандемиясына байланысты бұл шаралар тоқтатылды.
Басқада қайғылы оқиғалар.
5 қаңтар 2006 жылы Мекке қаласындағы Бас мешіттің маңындағы қонақ үйдің бетон конструкциясы омырылып құлап, қажылыққа келген меймандардың 76 адам о дүниеге аттанып, 64 адам жарақат алған.
Жүк көтеру механизмінің құлауы( Кран)
11 қыркүйек 2015 жылы қажылықтың басталуына он күн қалғанда үлкен құрлыс жүк көтеру механизмі ( кран) Меккедегі Аль -Харам мешітіне құлап 118 адам ажал құшып, 349 адам жарақат алды.