Артық салмақтан арылуға арналған кеңестер
Артық салмақтан арылуға арналған кеңестер

Ол үшін мына әдеттерді қаперіңізге ала жүріңіз.

Таңертең ас ішуге кететін уақытта ұйықтай тұруды жөн көресіз бе? Бұл – сіздің ең бірінші қателігіңіз. Күнделікті таңғы ас ішу арқылы май ыдырату үдерісін жылдамдатуға болады. Мұны ғалымдар да дәлелдеген.

Таңертеңгі қошқыл кофе тек ұйқыны ашып, сергіту үшін ғана емес, артық майды кетіру үшін де қызмет етеді. Зерттеушілер кофенің артық калорияны 11% тезірек ерітетінін айтады. Әңгіме карамель шәрбаты қосылған латте туралы емес, кәдімгі қою қара кофе туралы айтылып отыр.

Диетаға отыру деген күні бойы қарынның ашығуы емес. Асқазаныңызды пайдалы тағамдармен қамтамасыз етіңіз. Құрамында тағамдық талшықтары мен суы мол көкөністер ең пайдалы азық болмақ. Ашыққаныңызды да сезінбейсіз, сымбатыңызға да зиян келтірмейсіз.

Ал ащы дәмдеуіштер метаболизмді күшейтіп қана қоймай, өзіңізді тоқ сезінуге көмектеседі. Салмағыңызға сәйкес қажетті калорияны 25% аз қабылдап, чили бұрышының 1 грамын пайдалансаңыз, сол өзіңізді күні бойы тоқ жүруге себеп болады.

Түскі ас ішіп болған соң бір стақан суық су ішіп алыңыз. 40 минут ішінде зат алмасу үдерісі 30%-ға артады. Үстелге жайғасып сумен-ақ жаттығу жасағандай болыңыз.

Ештеңе істемей-ақ арықтауға бола ма? Мүмкін емес деп айта алмаймыз. Уақытылы ұйықтап, уақытылы оянсаңыз, салмақ тастауға жақындайсыз. Күн тәртібіңізді қадағалап, күніне бір мезгілде ұйықтап, бір мезгілде оянып, 7-8 сағатты ұйқыға арнасаңыз, май ыдырату үдерісі 30%-ға артпақ.

Дереккөз: massaget.kz

Аскар ИскаковАскар Искаков
7 жыл бұрын 3773
0 пікір
Блог туралы