Әрбір дерттің қандай сыры бар: Уайымын сыртқа шығармайтындардың бауыры ауырады
Әрбір дерттің қандай сыры бар: Уайымын сыртқа шығармайтындардың бауыры ауырады

XI ғасырда Ибн-Сина екі тоқтыға тәжірибе жасайды. Екеуіне бірдей жем-шөп береді. Тек біреуін қасқырдың жанында ұстайды. Көп кешікпей сол тоқты арықтап, ауру болады.  70-жылдары Израиль дәрігерлері де жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан 10 мың адамды зерттеген екен.

Бір қызығы, олардың көбі күйзеліске ұшыраған, жақынының сүйіспеншілігі мен қолдауын сезінбегендер болып шығады. Психосоматика психологиялық факторлардың тән ауруларына әсерін зерттейді. Мысалы, ракпен ауыратын адамдарға арнап бірнеше кітап жазған Венди Харфэм атты терапевт өзі де иммунды жүйе рагына шалдыққанда үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүруді қолға алады. Нәтижесінде соңғы 12 жылда оның ауруы бір деңгейде тұр, деп жазады Егемен Қазақстан.

Ғалымдардың айтуынша, дене ауруларының 32-40%-ы күйзеліс пен жан жарақатынан пайда болады. Яғни, адамның өмірге деген көзқарасы ағзаға да әсер етуі мүмкін. Мысалы, үнемі жаман нәрселерді ойлау әдетке айналса, ол созылмалы ауруға ұшыратады. Уайымшыл адамның асқазаны, ашу-ызасын сыртқа шығармайтын адамдардың бауыры ауырады. Көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы сөздер иммундық жүйені нығайтады. Ал үнемі жақсы нәрсені ойлау қан қысымы, жүрек ауруы, артық салмақ және диабет секілді аурулардың алдын алады.

Жиі кездесетін ауруларға қандай психологиялық жағдай әсер етуі мүмкін? Бұл сұраққа «Твое тело говорит: Люби себя!» (Лиз Бурдо) мен («Исцели Себя Сам» (Луиза Хей) атты кітаптар негізінде жауап іздеп көрсек.

Ұйқышылдық өмірдің қиын кезеңдерінде жиі пайда болады. Адамның қиындықтарға төтеп беруге әзір еместігін көрсетеді. Себепсіз шаршау нақты мақсаты жоқ адамдарда болады. Болашаққа деген қорқыныш пен сенімсіздік олардың энергиясын алады.

Аппендицит өмірден қорқу, өзі қалаған нәрседен бас тарту кезінде болады.

Астигматизм. Сол көз өз пікірін, оң көз қоғамдық пікірді білдіреді. Көбіне адам өз пікірін дұрыс санап, басқалардың ойымен санасқысы келмегенде туады. Кейбір астигматиктердің жан дүниесі мен қоғамдық өмірі бір-біріне сай келмеуі мүмкін.

Астма адам тығырықтан шығатын жол таппаған кезде пайда болады. Кейде мойнына тым ауыр жүк алғандарда да кездеседі.

Артрит – өзіне де, өзгелерге де қатты адамда болады. Үнемі сыни көзқараспен жүретіндерде де болуы мүмкін.

Алыстан нашар көрушілік болашақта болатын оқиғалардан қорқудан туады. Өзіне қатысы жоқ нәрселерді көргісі келмейтін, айналада не болып жатқаны қызықтырмайтын адамда, көбінесе, балалар мен жастарда, 40-тан асқандарда кездеседі.

Бас сақинасы өзі туралы басқалардың не ойлайтынына алаңдау сезімінен болады.

Бас ауруы басқалардың қателігіне өзін кіналау сезімінен пайда болуы мүмкін. Адамның өз-өзіне деген сенімділігі жоғалған кезде бас сүйегінің үстіңгі бөлігі ауырады.

Бұлшық ет ауруларына жұмысқа байланысты қиындықтар әсер етеді. Бір шаруаны атқара алмау немесе істегісі келмеу сезімінен болады.

Бронхит отбасында қиындықтар туындаған адамдарда жиі кездеседі. Қарсылығын ашық білдіре алмау сезімінен туындайды.

Гастрит ашу-ызаны іште сақтаған адамдарда жиі байқалады.

Гайморит өз-өзін іштей аяу сезімінен болады.

Жұқпалы аурулар пессимистерге тән. Сондай-ақ басқалардың сөзін жүрегіне жақын қабылдайтын адамдарда да кездеседі.

Иммунитеттің төмендігі өзінің «Менін» қорғай алмаудан, басқаларға қарсы келе алмаудан болады.

Себепсіз жөтел ашуланшақ адамдарға тән.

Артық салмақ өзін психологиялық тұрғыда қорғай алмайтын немесе өзінің қорғаны барына сенімсіз адамдарда байқалады.

Тұмауға өз-өзін аяу немесе шықпай қалған жас себепші болады.

Рак қатты психологиялық соққы алған адамдарда жиі кездеседі.

Диабет қасындағы жақындарының бәріне қамқор болғысы келетіндерде тән.

Аскар ИскаковАскар Искаков
7 жыл бұрын 3500
0 пікір
Блог туралы