14 жасында банк ашқан бала: “Әлемді тазала, ақша жина!”
14 жасында банк ашқан бала: “Әлемді тазала, ақша жина!”

“ҰЛЫ ІС АТҚАРУДА ЖАС МАҢЫЗДЫ ЕМЕС”

Бұл 14 жасар Хосе Адольфоның ұраны. Перулік бала банкке ақша құюды 7 жасында бастаған. Бүгінде Хосе негізін қалаған банк 3000-ға жуық тұтынушысына қаржылық қызмет ұсынып отыр. Банкте 50 мың доллар қаржы және өзінен үлкен 8 қызметкері бар.
Хосенің айтуынша….
“7 жаста мектеп президенті болдым. Оқу орнының проблемаларын шешуге бел сыбана кірістім. Сол уақыттарда сыныптастарым ақшасын түрлі жылтыр дүниеге жұмсап, мектепті ластап кететінін байқадым. Материалдық көмек әрі басқа да қажеттілігі болмаған достарыма ұстаздарыммен бірігіп көмектесе алатыныма сенімді едім.”
Хосе оқушыларға ата-аналарының көмегінсіз ақша табудың жолдарын іздестіре бастайды. Ақырында “алмастыру” ең дұрыс деген шешімге келеді. Тарқатып айтсақ, оқушылар пластик заттарды, қатты қоқыстарды банкке өткізеді. Банк оларға есепшот ашып ақша аударып отырады. Ал қоқыстарды өңдейтін зауыттарға сатады.
Осылайша Хосе “7 жасар бала бұл жобаны қалай жүзеге асырмақ?” деп күмәнданғандардың аузына құм құйды.

“АҚША ЖИНАУ МАҢЫЗДЫ”

Банк қалай жұмыс істейді?
Негізін 14 жасар бала қалаған әлемдегі алғашқы банк Bartselana Student Bank-тың жұмысы қарапайым. Банк тұтынушылары өткізген жарамсыз қатты қалдықтарды жинап, әжетхана қағазын жасайтын зауытқа сатады.
Сатылымнан түскен қаржы балалардың есепшотына аударылады. Алайда, ақша белгілі бір деңгейде ұлғайған уақытта ғана қолданылады. Қолма-қол ақшаны ата-ана емес, тұтынушы баланың өзі ғана шығарып ала алады.

Хосенің жетістіктері

• Халықаралық Бейбітшілік сыйлығы номинациясы;
• Халықаралық Кәсіпкерлер Мектебінің сыйлығы;
• Әлемдік қозғалыстың амбассадоры, «Әлемдегі ақша аптасы»
• Жастарға арналған Халықаралық Қаржылық Интеграция сыйлығы – Лондон;
• Ұлттық E-100, Елдегі үздік кәсіп;
• Әлеуметтік Кәсіпкерлерге арналған Ұлттық сыйлық “Thaski” 2015;
• Өзгеріс жасаған Ұлттық үздік кейіпкер 2015;
• Еріктілік үшін Ұлттық Сыйлық 2014, қоршаған орта категориясы;
• БҰҰ Жастар комитеті CYFI мүшесі;
• Жастарға арналған халықаралық қаржы марапаты – Нью-Йорк (АҚШ).

Әбдіманап КЕҢЕС,
Журналист

Аскар ИскаковАскар Искаков
6 жыл бұрын 3120
0 пікір
Блог туралы