Отбасы 16 шаршы метрге бірнеше бөлмелі үй салып алған (фото)
Отбасы 16 шаршы метрге бірнеше бөлмелі үй салып алған (фото)

Белорусиялық отбасы Минскінің маңынан 16 шаршы метрлік үй салды. Шағын үйде жатын бөлме, ванна, қонақ бөлме, тіпті, балкон бар.

Бұл туралы Segodnya.ua-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды

«Біз Сухаревта 350 АҚШ долларға пәтер жалдап тұратынбыз. Оған ай соңында коммуналдық қызмет ақысы қосылады. Әрі-бері ойланып, неге шағын үй салып, көп шығындалмай өмір сүрмеске деп ойладық”, – дейді үй иелері.

Бұл үйде жыл он екі ай тұруға болады: мұнда баллонды газ бен электр жарығы бар, ал қабырға, еден және шатыр минералды мақтамен жылытылған. Құрылыс жабдықтарына 4600 АҚШ доллары кеткен.

Үйдің сызбасын бір студентке арнап шағын үй салуды жоспарлаған неміс сәулетшісінің жобасынан алыпты. Неміс үйі 3*3 есебімен құрылған болса, мұндағы есеп 4*4 шаршы метр.

«Үйдің тірегі негізгі ғимараттарға арналған ағаш сүрегінің қалдықтарынан құрылды. Киімге арналған шкаф, кереует, есіктер мен сөрелер – баршасын өз қолыммен жасадым. Терезе мүлдем арзанға түсті: шыныпакеттерді сатып алып, ағаш жақтауларды өзіміз жасап шықтық. Ламинатты 70% арзан бағамен сатып алдым. Негізінен құрылыс жабдықтарын ғаламтордан тапсырыс беріп алдырдық, себебі салыстырып қарасақ ғаламторға қарағанда базарда қымбатырақ екен. Ас үйдің жабдықтарын сатып алмадық, жалдамалы пәтердегі заттарымызды әкеліп, жаңадан құрастырып шықтық»,- дейді үй иесі Виктор.

Үй төбесінің биіктігі – 3,8 метр. Дәл осы себепті шағын үйге көп заттарды орналастыруға болады.

Үй кішкентай ғана кіре беріс бөлмеден басталады, баспалдақпен төмен түскенде қонақ бөлме, ал екі баспалдақ жоғары көтерілгенде алдыңыздан ас үй шығады.

Шатыр астында тұрғындар ұйықтаса, ас үйдің астында заттарды сақтап қоятын қойма бар. Кір жуатын мәшине мен бойлерді де сол жерден табасыз. Жоғарғы “қабатта” көлемі 1,4*2 метрлік екі кісілік кереует бар.

Сонымен қатар, душ пен әжетханасы да бар бұл шағын үйдің ішінде емін-еркін өмір сүруге болады. Отбасы күздігүні кеңдеу үйге қоныс аударамыз деп үміттенеді.

Аскар ИскаковАскар Искаков
23 күн бұрын 465
0 пікір
Блог туралы