Көкбауырды көк шаймен емдеуге болады
Көкбауырды көк шаймен емдеуге болады

Көкбауыр ауырғанда мынадай белгiлер байқалады: * Ұйқышылдық мазалайды; * Есте сақтау қабiлетi нашарлайды; * Адам өзiне бақылау жасай алмайды.

Көкбауыр – адам ағзасындағы ең маңызды мүше. Көкбауырдың қызметiн көптеген жылдар бойы мамандар түсiндiре алмады. Оны бiр зерттеушiлер көңiл-күйдiң әсерiнен жақсы жұмыс iстейдi десе, екiншiлерi «қара өттiң» көзi дедi. Дегенмен, күнi бүгiнге дейiн көкбауырдың қызметi құпия болып тұр.

Көкбауыр ауырғанда мынадай белгiлер байқалады: Ұйқышылдық мазалайды; Есте сақтау қабiлетi нашарлайды; Адам өзiне бақылау жасай алмайды; Бойын әлсіздік билеп, бұлшықеттер мен аяқ қуатынан айырылады; Тәбет төмендейді; Жұмысқа деген құлшынысы болмайды.

Көкбауырдың қабынуын халықтық ем тәсiлдерiмен төмендегiше емдеуге болады.

№1-рецепт. 1 стақан ыстық суға 1 ас қасық шашыратқыны салып, 10 минут баяу отта қайнатады. Сосын қайнатпаны жарты сағаттай тұндырады. Осы қайнатпадан 1 ас қасықтан күнiне 3 рет қабылдайды. Шашыратқының дайын дәрiханадағы түрiн 1/3 немесе 1/4 бөлiгiн стақандағы суға араластырып, қант немесе бал қосып шай секiлдi iшедi.

№2 рецепт. Стақандағы ыстық суға 1 ас қасық құлмақ түйiнiн салып, тұндырады. Осы тұнбадан күнiне 3 рет ашқарынға 2 ас қасықтан қабылдайды. Бұл көкбауыры ауыратын науқасты тыныштандырады және ауырсынуды бiлдiрмейдi.

№3 рецепт. Көкбауыр ауырғанда мыңжапырақ пен қырмызыны бiрдей мөлшерде араластырады. Осының 2 ас қасығын шыны ыдыстағы қайнаған сумен араластырамыз. Тұнбадан 100 гр-нан күнiне 3-4 рет астан кейiн iшедi.

№4 рецепт. 150 гр. тау жалбызын 1 стақан қайнаған сумен демдейдi. 15 минуттан кейiн сүзiп, 1 ас қасықтан тәулiгiне 2 рет iшедi.

№5 рецепт. Тұрып, сәбiз, қызылшаны үккiштен өткiзедi де, бiраз уақыт тұндырып құяды. Одан шыққан сөлдi бөтелкеге құяды. Бөтелкенi 3 сағат пеште ұстайды. Осы шырыннан күнiне 2-3 рет екi ай бойы қабылдайды.

№6 рецепт. Кемiнде қатарынан 10 күн балғын анар шырынын күнiне 1/2 стақаннан iшедi.

№7 рецепт. Жидектердiң құрамындағы Р дәруменi көкбауыр үшiн өте пайдалы. Сондықтан долана, шие, жүзiм, мүкжидектi көбiрек жеген көкбауыр үшiн шипалы. Көк шайды жүйелi iшу де пайдасын бередi.

№8 рецепт. Кәдiмгi қырыққабаттың өзi көкбауырды емдеуге қабiлетi жететiн көкөнiс. Көкөнiстiң жарты стақан шырынын астың алдында күнiне 3 рет iшедi.

№9 рецепт. Жусан - қабынуды басатын табиғи керемет дәрi. Дегенмен, көкбауырды емдеуде жусанды өз тәртiбiмен дайындамаса денсаулыққа қауiп төндiредi. 100 гр. жусанды бұлақ суымен араластырады. Оны сосын жарты сағат қайнатады. Қайнатпаны сүзiп, 400 гр. балмен араластырғанда дәмi ерекше болады. Араласпадан күнiне 4 рет 2 ас қасықтан науқасқа iшкiзедi.

Анықтама: шашыратқы – цикорий; құлмақ – хмель; тау жалбызы – пустырник. Ләззат Ахметова, ERNUR.KZ.

Аскар ИскаковАскар Искаков
1 ай бұрын 471
0 пікір
Блог туралы