Әкесінің көзілеспес реакциясы баланы құтқарды (видео)
Әкесінің көзілеспес реакциясы баланы құтқарды (видео)

Жаңа оянған кішкентай сәби төсектен түсемін деп өрмелей бергенде жерге құлап кете жаздады. Оны өзінің әкесі құтқарып үлгерді. Inside Edition каналында жүктелген видео бір тәулік ішінде 40 мыңнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жағдай АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған. Екі жастағы Ноа Линч атты ұл түн ортасында оянып, төсектен түсемін дегенде, аунап жерге басымен құлай жаздайды. Бұл сәтте бөлмеге әкесі лезде кіріп, баланы ұстап үлгереді.

Осы сәтті баланың бөлмесіне орнатқан камера түсірген.

Аскар ИскаковАскар Искаков
3 ай бұрын 726
0 пікір
Блог туралы